Жеңілдіктер мен артықшылықтар
- Корпоративтік табыс салығы
- Мүлік салығы
- Жер салығы
- Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
- Кедендік баждар
- Шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген тәртібі
- Жеңілдетілген инфрақұрылымдық қызметтер көрсету
- Қосылуға техникалық шарттарды тегін беру
Төраға Блогы
«Qaragandy Invest» инвестицияларды дамыту орталығы» АҚ-ның ресми сайтында сіздермен жүздесуге қуаныштымын. Қарағанды облысы елеулі өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетке ие. Біздің міндетіміз — осы әлеуетті тиімді іске асыру үшін жағдай жасау, жаңа өндірістерді іске қосуға жәрдемдесу және жобаларды жүзеге асырудың әрбір кезеңінде инвесторларға қажетті қолдау көрсету. Біз жаңа бастамаларға ашықпыз және ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жаңа мүмкіндіктер мен инвестициялық жобалар өңірі — Қарағанды облысына қош келдіңіздер!
Құрметпен, «Qaragandy Invest» инвестицияларды дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
Преференциялар |
А санаты (7 жыл) |
В санаты (15 жыл) |
С санаты (25 жыл) |
|
|
КТС |
0% |
Жоба құны 3 000 000 АЕК-ке дейін |
Жоба құны 3 000 000-нан 14 500 000 АЕК-ке дейін | Жоба құны 14 500 000 АЕК-тен бастап |
|
Мүлік салығы |
0% |
Жоба құны 3 000 000 АЕК-ке дейін |
Жоба құны 3 000 000-нан 14 500 000 АЕК-ке дейін | Жоба құны 14 500 000 АЕК-тен бастап |
|
Жер салығы |
0% |
Жоба құны 3 000 000 АЕК-ке дейін |
Жоба құны 3 000 000-нан 14 500 000 АЕК-ке дейін | Жоба құны 14 500 000 АЕК-тен бастап |
Миссия
Инвестициялық жобаларды тарту және тиімді іске асыру, инвестициялық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвесторлардың өңірде ұзақ мерзімді қызмет етуіне жағдай жасау арқылы Қарағанды облысының тұрақты экономикалық және өнеркәсіптік дамуына ықпал ету.
Пайым
Qaragandy Invest — өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін ресурстармен, инфрақұрылыммен және мемлекеттік қолдау құралдарымен ұштастыратын, инвесторға жобаны іске асырудың барлық кезеңінде жүйелі сүйемелдеу көрсететін әрі оның табысты жүзеге асуына ықпал ететін Қарағанды облысының бірыңғай инвестициялық даму орталығы.
Негізгі міндеттер
Қарағанды облысының экономикасы мен өнеркәсібінің басым салаларына сапалы инвестициялар тарту.
Өңірдің инвестициялық ұсыныстарын — инвестициялық алаңдарды, жобаларды және жаңа өндірістерді орналастыру мүмкіндіктерін қалыптастыру әрі ілгерілету.
Инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу — алаңды таңдаудан және мемлекеттік қолдау шараларын айқындаудан бастап өндірісті іске қосуға және жобаны одан әрі дамытуға дейін.
«Сарыарқа» АЭА, «Saran» және «Balkhash» индустриялық аймақтарын тиімді басқару арқылы инвестициялық инфрақұрылымды дамыту.
Инвесторлардың мемлекеттік органдармен, инфрақұрылымдық ұйымдармен және жобаларды іске асыруға қатысушы басқа да тараптармен өзара іс-қимылын үйлестіру.
Инвестициялық жобаларды іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде туындайтын кедергілерді жоюға және проблемалық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
Қарағанды облысының Өңірлік инвестициялық штабының жұмысы шеңберінде инвестициялық қызметті өңірлік деңгейде үйлестіруді қамтамасыз ету.