«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы:
-
металлургия өнеркәсібі;
-
машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;
-
авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды өндіру;
-
автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді өндіру;
-
компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндіру;
-
электр жабдықтарын өндіру;
-
химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
-
резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
-
өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру;
-
гидравликалық жабдықтар өндіру;
-
өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен клапандарды өндіру;
-
өзге де крандар мен вентильдерді өндіру;
-
мойынтіректерді, тісті доңғалақтарды, тісті берілістер мен жетектердің элементтерін өндіру;
-
плиталарды, пештерді және пеш жанарғыларын өндіру;
-
көтергіш және тасымалдау жабдықтарын өндіру;
-
қол электр құралдарын өндіру;
-
өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдықтарын өндіру;
-
сұйық минералдарды тазартуға арналған аппараттар өндіру;
-
сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, дисперсиялауға немесе бүркуге арналған жабдықтар өндіру;
-
мұнайды тазартуға, химия өнеркәсібіне және сусындар өндіру индустриясына арналған тазарту жабдықтарын өндіру;
-
центрифугаларды өндіру (кілегей айырғыштар мен кептіру аппараттарын қоспағанда);
-
судың рециркуляциясы арқылы тікелей салқындатуға арналған сумен салқындату тіреулерін өндіру;
-
ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру;
-
металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтарды өндіру;
-
өзге де металл өңдеу станоктарын өндіру;
-
металлургияға арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру;
-
тау-кен өнеркәсібіне, жерасты қазбаларына және құрылысқа арналған техниканы өндіру;
-
тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықтарды өндіру;
-
тоқыма, тігін, үлбір және былғары бұйымдарын жасауға арналған жабдықтарды өндіру;
-
қағаз және картон жасауға арналған техниканы өндіру;
-
резеңке, пластмасса және басқа да полимерлік материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықтарды өндіру;
-
жобалау-сметалық құжаттама шегінде басым қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
-
қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; пайдаланудан шыққан көлік құралдарын, арнайы техниканы және ауыл шаруашылығы машиналарын, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарын кәдеге жарату (қалпына келтіру);
-
балықтар мен ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жемдерді өндіру және қайта өңдеу жөніндегі құрамажем зауытын салу және пайдалануға беру;
-
кокс пештерінің өнімдерін өндіру;
-
электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау;
-
көпбейінді аурухана салу және пайдалануға беру;
-
кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі;
-
жүктерді көліктік өңдеу;
-
көлік-экспедициялық қызметтер;
-
өзге де көлік-экспедициялық қызмет;
-
1 және 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар салу;
-
жолдар мен автомагистральдар салу;
-
жүк автомобиль көлігінің қызметі.
6-тармақтың 38), 39), 40), 41), 42), 43) және 44) тармақшаларының қолданысы тек әуежай аумағына ғана таралады.
«Сарыарқа» АЭА қызметінің басым түрлерінің толық тізбесімен мына жерден танысуға болады.