Қалай ИЗ қатысушысы болуға болады

"SARAN" компаниясының басқарушы компаниясына хабарласыңыз:

E-mail: info@q-invest.kz

Tel.: +7 7212 40 59 20

Тізім мен талаптарға сәйкес құжаттар пакетін ұсыну:​

Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берушілердің жобаларын іріктеу үшін өтініш беруші республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы өтініш береді:

  1. уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

  3. өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

  5. өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы есепті күндегі қаржылық есептіліктің көшірмесі;

  6. уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;

  7. қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынған кредиттік есеп;

  8. тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кірістер органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамасы.

Егер өтініш беруші өтініш берілген күнге дейін 12 айдан аз уақыт қызметін жүзеге асырса, қаржылық есептілік бар болған жағдайда соңғы есепті күнге ұсынылады;

  1. уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі.

Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген кезде жобаның негіздемесі қоса беріледі;

  1. қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттарындағы ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынған кредиттік есеп;

  2. тіркеу есебіне қою орны бойынша мемлекеттік кірістер органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамасы;

  3. осы баптың 16 және 17-тармақтарына сәйкес жобаның қаржылық қамтамасыз етілуін растау;

  4. егер жобаны іске асыру объектілерді (құрылысжайларды, ғимараттарды) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы.

Егер заңды тұлға құжаттарды тапсыру кезінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе, мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеудің жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.

Шетелдік заңды тұлғалар мынадай заңдастырылған құжаттарды ұсынады:

  1. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

  2. заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

  3. шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын сауда тізілімінен алынған заңдастырылған үзінді көшірмені немесе басқа да заңдастырылған құжатты қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасымен бірге.