Инвесторларды сүйемелдеу туралы
Қарағанды облысының аумағында іске асырылып жатқан және (немесе) іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің осы тәртібі Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдары мен даму институттарының Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлап отырған инвесторларға ақпараттық-консультациялық және ұйымдастырушылық жәрдем көрсету жөніндегі іс-қимылдарының мерзімдері мен реттілігін белгілейді.
Осы тәртіп инвесторлардың мемлекеттік органдармен, Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарымен және даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша іске асыру кезінде әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған. Осылайша, инвестор мынадай мәселелер бойынша барлық қажетті ақпаратты ала алады:
рұқсат құжаттарын алу тәртібі;
заңды тұлға ашу тәртібі;
жер учаскесін алу тәртібі;
инженерлік инфрақұрылымға қосылу тәртібі;
рұқсат құжаттарын алу тәртібі.
1
ИНВЕСТОР ӨТІНІШ БЕРЕДІ
Инвестициялық жобаны сүйемелдеуді бастауға инвестормен бастапқы келіссөздер жүргізу немесе инвестордың Қоғамға, жергілікті атқарушы органдарға не даму институттарына келіп түскен өтініші (жазбаша түрде, электрондық пошта арқылы немесе Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Қарағанды облысының инвестициялық порталында электрондық түрде) негіз болып табылады.
Инвестор жергілікті атқарушы органдарға және даму институттарына жүгінген жағдайда, осы Тәртіптің 1-тармағының 4–5-тармақшаларында көрсетілген шарттар болған кезде, жергілікті атқарушы органдар мен даму институттары инвестормен бастапқы байланыс туралы ақпаратты Қоғамға 3 жұмыс күні ішінде жібереді.
2
Келісім сөздер
3
СҮЙЕМЕЛДЕУ ҮШІН ЖАУАПТЫ ОРЫНДАУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Инвестормен бастапқы байланыс туралы ақпарат немесе оның өтініші Қоғамға келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде Қоғам басшысы инвестициялық жобаны сүйемелдеуге жауапты орындаушыны (бұдан әрі – жауапты орындаушы) тағайындайды.
Өтінішті жұмысқа қабылдаған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
инвесторға оның өтінішінің қабылданғаны туралы хабарлайды;
инвестор тарапынан байланыс жасайтын тұлға туралы ақпарат сұратады;
өтінім болмаған жағдайда, оның нысанын инвесторға жібереді;
қажет болған жағдайда жоба туралы жетіспейтін ақпаратты сұратады;
инвесторға Қарағанды облысындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың ықтимал нысандары, осы үшін қажетті құжаттардың тізбесі және консультациялар алу мүмкіндігі туралы ақпарат береді;
қажет болған жағдайда инвестор өкілімен жеке кездесу күнін белгілейді;
қажет болған жағдайда инвестор өкілінің жергілікті атқарушы органдардың, даму институттарының және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесуін ұйымдастырады;
өтінішке жазбаша жауап дайындап, оны өтініште көрсетілген мекенжайға (электрондық мекенжайға) жібереді.
4
ЖАУАПТЫ ОРЫНДАУШЫ ӨТІНІШТІ ӨҢДЕЙДІ
5
ЖАУАПТЫ ОРЫНДАУШЫ АЭА - ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҰСЫНЫС ДАЙЫНДАЙДЫ
Жауапты орындаушы Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инвестордан толтырылған өтінімді алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде компанияны «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында, Қарағанды облысының муниципалитеттерінде орналастыру жөнінде ұсыныс дайындайды немесе инвестордың қажеттіліктерін қанағаттандыратын «браунфилд» немесе «гринфилд»іріктейді.
Кәсіпорынды Қарағанды облысының аумағында орналастыру бойынша ұсыныстар алғаннан кейін Инвестор мен жауапты орындаушы компанияны орналастыру үшін ұсынылатын алаңдарды қарау күні мен уақытын бірлесіп айқындайды.
6
ЖАУАПТЫ ОРЫНДАУШЫ НҰСҚАНЫ БАҒАЛАУ ҮШІН АЭА-ҒА САПАРМЕН БІРГЕ ЖҮРЕДІ
7
ЖАУАПТЫ ОРЫНДАУШЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН ИНВЕСТОРҒА КЕҢЕС БЕРЕДІ
Қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы инвестордың жобасы үшін әлеуетті өткізу нарықтарын айқындау, қаржыландырудың баламалы көздерін іздеу мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсетеді, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен және жергілікті бизнес ортаның өкілдерімен кездесулер мен жұмыс кеңестерін ұйымдастыру арқылы қажетті шикізаттың қолжетімділігі туралы ақпарат береді. Инвестор өз кәсіпорнын Қарағанды облысының аумағында орналастыру орны туралы түпкілікті шешім қабылдағанға дейін жауапты адам жұмыс режимінде инвестормен оған барлық қажетті қосымша ақпаратты беру бойынша тұрақты негізде өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Инвестор Қарағанды облысының аумағында инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде оң шешім қабылдаған жағдайда, Қарағанды облысының әкімдігі мен инвестор арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға, ниет туралы келісімге қол қойылуы мүмкін.
8
ЖАУАПТЫ ОРЫНДАУШЫ ОБЛЫС ӘКІМДІГІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮДЫ СҮЙЕМЕЛДЕЙДІ
9
ЖАУАПТЫ ОРЫНДАУШЫ ІЛЕСПЕ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРЕДІ
Жауапты орындаушы инвестор инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде оң шешім қабылдаған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаны іске асыру кезінде инвесторға көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен өзге де ілеспе көрсетілетін қызметтердің тізбесін, көрсетілетін қызметті берушілердің тізбесін және осы көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну үшін қажетті құжаттардың тізбесін дайындайды.