АЭА қызметінің басым түрлері

«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы:

  1. металлургия өнеркәсібі;

  2. машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру;

  3. авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды өндіру;

  4. автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді өндіру;

  5. компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндіру;

  6. электр жабдықтарын өндіру;

  7. химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

  8. резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;

  9. өзге де бейметалл минералдық өнімдерді өндіру;

  10. гидравликалық жабдықтар өндіру;

  11. өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен клапандарды өндіру;

  12. өзге де крандар мен вентильдерді өндіру;

  13. мойынтіректерді, тісті доңғалақтарды, тісті берілістер мен жетектердің элементтерін өндіру;

  14. плиталарды, пештерді және пеш жанарғыларын өндіру;

  15. көтергіш және тасымалдау жабдықтарын өндіру;

  16. қол электр құралдарын өндіру;

  17. өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдықтарын өндіру;

  18. сұйық минералдарды тазартуға арналған аппараттар өндіру;

  19. сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, дисперсиялауға немесе бүркуге арналған жабдықтар өндіру;

  20. мұнайды тазартуға, химия өнеркәсібіне және сусындар өндіру индустриясына арналған тазарту жабдықтарын өндіру;

  21. центрифугаларды өндіру (кілегей айырғыштар мен кептіру аппараттарын қоспағанда);

  22. судың рециркуляциясы арқылы тікелей салқындатуға арналған сумен салқындату тіреулерін өндіру;

  23. ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру;

  24. металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықтарды өндіру;

  25. өзге де металл өңдеу станоктарын өндіру;

  26. металлургияға арналған машиналар мен жабдықтарды өндіру;

  27. тау-кен өнеркәсібіне, жерасты қазбаларына және құрылысқа арналған техниканы өндіру;

  28. тамақ өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын өндіруге және қайта өңдеуге арналған жабдықтарды өндіру;

  29. тоқыма, тігін, үлбір және былғары бұйымдарын жасауға арналған жабдықтарды өндіру;

  30. қағаз және картон жасауға арналған техниканы өндіру;

  31. резеңке, пластмасса және басқа да полимерлік материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықтарды өндіру;

  32. жобалау-сметалық құжаттама шегінде басым қызмет түрлерін тікелей жүзеге асыруға арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

  33. қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; пайдаланудан шыққан көлік құралдарын, арнайы техниканы және ауыл шаруашылығы машиналарын, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарын кәдеге жарату (қалпына келтіру);

  34. балықтар мен ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жемдерді өндіру және қайта өңдеу жөніндегі құрамажем зауытын салу және пайдалануға беру;

  35. кокс пештерінің өнімдерін өндіру;

  36. электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондицияланған ауамен жабдықтау;

  37. көпбейінді аурухана салу және пайдалануға беру;

  38. кестеге бағынатын жүк әуе көлігінің қызметі;

  39. жүктерді көліктік өңдеу;

  40. көлік-экспедициялық қызметтер;

  41. өзге де көлік-экспедициялық қызмет;

  42. 1 және 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерін қоспағанда, тұрғын емес ғимараттар салу;

  43. жолдар мен автомагистральдар салу;

  44. жүк автомобиль көлігінің қызметі.

6-тармақтың 38), 39), 40), 41), 42), 43) және 44) тармақшаларының қолданысы тек әуежай аумағына ғана таралады.

«Сарыарқа» АЭА қызметінің басым түрлерінің толық тізбесімен мына жерден танысуға болады.